Жарияланды: 650

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша қорытынды 19-желтоқсанға дейін жасалады

Бүгін, 17-қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында депутаттар палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетіне "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша қорытындыны 19-желтоқсанға дейін дайындау туралы тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Комитет төрайымы Зәуре Қадырованың айтуынша, "мекеме екіге жарылып, жаңа ақпарат министрі тағайындалуға байланысты" осындай мерзім белгіленіп отыр. Сондай-ақ, халық қалаулылары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын қарамас бұрын мәжілістің жалпы отырысында осы тақырыпта парламенттік тыңдау өткізбек ниетте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін