Жарияланды: 720

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы қазан айына белгіленді

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы қазан айының бірінші жартысына белгіленді. Бұл туралы бүгін, 25-қыркүйекте ""Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" ҚР заңы" - Қазақстандағы БАҚ рыногінің іс-қызметін реттеуші негізгі үйлестіруші" тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аталмыш заң жобасы бойынша мәжілістен құрылған жұмыс тобының жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір хабарлады.

Бұл отырыс қазанның 13-17-күндеріне белгіленгендігін хабарлаған ол, журналистерге заң жобасына қатысты нақты ұсыныстар мен ескертпелерді жұмыс тобына жолдауды ұсынды. Осы орайда Ә.Бәкір "кейбір мәселелер заңда көрініс таппай қалуы мүмкін екенін " ескертіп өтті. "Біз қазір жаңа қоғам құру жолының ең бастамасында тұрмыз, сондықтан бұл сатыда БАҚ-тарды белгілі дәрежеде реттеу қажеттігі даусыз",- дейді ол. Оның айтуынша, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы мәжілістің жалпы отырысына желтоқсан айында шығарылуы мүмкін. Алайда, егер бұл мерзімге дейін заң жобасы дайын болмаса, жұмыс тобы оны одан әрі де қарай береді,- деді депутат.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін