Бурабай тауында 53 жастағы әйел құлап, аяғын сындырып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабай тауында 53 жастағы әйел құлап, аяғын сындырып алды

Бурабай тауында 53 жастағы әйел құлап, аяғын сындырып алды

 

  • 3 Шiлде 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бурабай ауданындағы Орлиное гнездо тауында аяғы сынған 53 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласынан келген 2 ересек пен 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Сол кезде 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған.

«Құтқарушылар зардап шеккен әйелді 400 метр биіктіктегі ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне әкелді», – деді ведомстводан.


Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде демалушылар үш қызды құтқарып қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар