Бурабайда ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайда ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы ашылады

Бурабайда ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы ашылады

Бүгін Ақмола облысының Бурабай кентінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы ашылады. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

  • 12 Маусым 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz


Отырыста шетелдік инвесторлардың ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға қатысуы мәселесі талқыланатын болады.

Тақырып бойынша негізгі баяндаманы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти жасайды дер күтілуде. Сонымен қатар Азия даму банкі, Табиғи ресурстар жөніндегі Еуразия корпорациясы, «Baker&McKenzie», «Сбербанк», «BG Group», «General Electric», «ЛУКОЙЛ», «Cameco», «Shell» жетекшілері сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс екі күнге созылады.

Кеше Н. Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесі қарсаңында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен, «Ресей Сбербанкі» ААҚ басқарма төрағасы Герман Грефпен, «Гленкор Экстратаның» бас атқарушы директоры Айван Глазенбергпен, «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен және алдағы отырысқа қатысатын өзге де адамдармен кездесті. Сондай-ақ «Қазақстаның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» көрмесіне барды. 

ҚР Президенті жанындағы инвесторлар кеңесі 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында олардың елдегі инвестициялық қызметімен байланысты проблемалы сұрақтарын шешіп, ҚР-дағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тиімді шешімдер қабылдау үшін құрылған.

Шетелік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығындағы кеңес беретін орган болып табылады. ШИК құрамына 35 шетелдік компанияның мен шетелдік ұйымдардың жетекшілері кіреді. Барлығы ҚР Президентінің төрағалығымен 26 жалпы отырыс өткізілді.