BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды

BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды

Бурабайда Лос-Анджелестегі HOLLYWOOD жазуына ұқсас жаңа символ орнатылды.

  • 18 Шiлде 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы sputniknews.kz. сайты хабарлайды.

"Баға беріңіздер. Демалыс орнында BURABAY жазуы пайда болды", — деп жазды Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали Facebook парақшасында. 

Алып әріптерді Бурабайдағы таудың етегіне орнатқан. Иғалидің айтуынша, түнде жазу жарқырап көрінеді. 

Желі қолданушыларының айтуынша, дәл осындай жазу Көкшетауға да әдемі жарасып тұрды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайға сапары кезінде туризмді дамыту бағдарламасына қандай демалыс орындары енгенін хабарлаған еді. Олар — "Бурабай", Имантау көлдері, Алакөл мен Баянауыл көлдері, Каспий жағалауы, Алматы облысындағы демалыс орындары, Түркістан, Шарын каньоны және тағы басқалары.
 

Соңғы жаңалықтар