Бүркіт өзінен ән ұрлаған Төреғалиға ренжулі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүркіт өзінен ән ұрлаған Төреғалиға ренжулі

Бүркіт өзінен ән ұрлаған Төреғалиға ренжулі

Әнші Төреғали Төреәлі мен Бүркіт әнге таласып қалды. Алайда қос әнші де мәселені сотта шешуден бас тартқан.

  • 30 Маусым 2016
  • 1204
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

Жуырда Төреғали Төреәлі “Алға” атты ән шығарған болатын. Аталған композиция желіге жүктелген соң Бүркіттің де қызығушылығын арттыра түскен. Соңғысына ән ұнамай қалған. Және мұның себебі де бар. Әнші туындыны өзінің “Туған жер” әніне ұқсатқан.

Төреғали мен Бүркіт өзге әріптестері секілді мәселені сотта шешуден бас тартқан. Алайда Бүркіт мұндай шығармашылыққа деген сый-құрметсіздіктің өзіне ұнамайтындығын айтады.


Бүркіттің әндері тек Төреғалиге ғана емес, көптеген бейкоммерциялық ұйымдарға ұнайтын сынды. Жуырда ACD Records  компаниясы Бүркіттің әндеріне “құда түскен”. Тіпті, тойда өздеріне тиесілі әндерді орындап жүргені үшін ақша сұрайтын көрінеді. Мұны білген әнші қатты ашуланған. Енді компанияның үстінен сотқа шағым түсірмек.