Бүркіттің атышулы қарындасы тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүркіттің атышулы қарындасы тұрмысқа шықты

Бүркіттің атышулы қарындасы тұрмысқа шықты

 

  • 9 Шiлде 2019
  • 66
Фото - Caravan.kz

Бүркіттің атышулы қарындасы Әсел Асқар тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір баласымен күйеуінен ажырасып кеткен актриса Әсел Асқар екінші мәрте тұрмыс құрған. Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен. Мұсылманның неке қию туралы куәлігін парақшасында жариялап, өзінің тұрмыс құрғанын айтты ол.

"Мен статусымды өзгерттім. Құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет", — деп жазды Әсел Асқар.

Атышулы ару енді бір әулеттің келіні атанып, өмірінің өзгергенін осылай жеткізген. Бұл жазбаны көрген желідегі жұрт құттықтап, отбасылық өміріне жақсылық тіледі. Олар жарыса пікір жазып, ойларын жеткізген болатын.

"Бақытты бол, Алла қолдасын", "Баянсыз бақыт тілеймін", "Ұзағынан болсын", "Әйел бақытын тілеймін", "Ұлыңды бақытты ете ала ма", "Жақсы отбасы болып кетіңдер", "Қуанышың көп болсын", — деп пікір қалдырған желідегі жұрт.


Соңғы жаңалықтар