Бұрқасын, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрқасын, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

Бұрқасын, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

5 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

  • 5 Ақпан 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады және жел 15-23 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасындатады. 


Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар