"Бұршақ, қара аралас жаңбыр": Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұршақ, қара аралас жаңбыр": Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Бұршақ, қара аралас жаңбыр": Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

  • 15 Қыркүйек 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

«Солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі», — делінген хабарламада.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады.


Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылдың осы уақытына сай салыстырмалы түрде қолайлы болады: түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.

Соңғы жаңалықтар