Бұрынғы Білім вице-министрі сотта жауап беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Білім вице-министрі  сотта жауап беріп жатыр

Бұрынғы Білім вице-министрі сотта жауап беріп жатыр

Атышулы Шаяхметов ісі сотқа жетті. Бүгін Астанада бұрынғы Білім вице-министріне қатысты алғашқы процесс басталды. Алайда  қандай құпия бары белгісіз, шенеуіктің ісі жабық жағдайда қаралып жатыр.

  • 24 Мамыр 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz


Білім вице министрі Саят Шаяхметов бір жыл бұрын дәл осы мамыр айында қызметінен босатылған еді. Арада бір апта өтпей Қаржы полициясы оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Атқамінерге «Өскемендегі 700 орындық кәсіптік мектептің құрылысына бөлінген 1 жарым млрд.теңгені қолды қылды» деген айып тағылып отыр. Тергеу материалдары бойынша, вице-министр қазына қаржысын қос сыбайласымен, нақтырақ айтқанда құрылыс компаниясының екі басшысымен бірлесіп қымқырған. Осы аралықта Шаяхметов үй қамақта отырып келді.