Бұрынғы күйеуіне тіл тигізген келіншекке ірі көлемде айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы күйеуіне тіл тигізген келіншекке ірі көлемде айыппұл салынды

Бұрынғы күйеуіне тіл тигізген келіншекке ірі көлемде айыппұл салынды

Италияда кезекті отбасылық жанжалдың соңы соттасумен тынды. Италиялық келіншек бұрынғы күйеуін ортақ баласының көзінше балағаттап, сөге

  • 24 Қазан 2016
  • 572
Фото - Caravan.kz

Италияда кезекті отбасылық жанжалдың соңы соттасумен тынды. Италиялық келіншек бұрынғы күйеуін ортақ баласының көзінше балағаттап, сөге сөйлегені үшін үлкен айыппұл төлейін болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Рим азаматтық соты шығарған үкімге сәйкес, әйел баланың тыныштығын бұзумен қатар, оның ата-анасымен тең қарым-қатынасына шектеу қойды.

Судьяның айтуынша, баласын қамқорлығына алған анасы әке мен ұлының арасын қалпына келтіруге тырыспақ түгілі, баласының көзінше әкесін жаман сөздің астына алып, ар-ожданына тиер ауыр сөздер айтқан.

Осылайша, соттың пайымынша, анасы баланың психикалық жағдайына ауыр соққы жасап, оның ата-анасымен тең араласуына кедергі келтірді, деп жазады The Local.


Сотқа төрағалық етуші судья әйелдің бұл әрекетін қылмысқа теңеп, егер баласының көзінше күйеуін балағаттауын тоқтатпаса, «ана құқығынан айырылатынын» ескертті және 30 мың еуро айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар