Бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жерді тұрақты пайдалану жұмыстарын жоспарлау туралы бағдарлама 2005-жылдың сәуір айында аяқталады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жерді тұрақты пайдалану жұмыстарын жоспарлау туралы  бағдарлама 2005-жылдың сәуір айында аяқталады деп күтілуде

Бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жерді тұрақты пайдалану жұмыстарын жоспарлау туралы бағдарлама 2005-жылдың сәуір айында аяқталады деп күтілуде

Бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жерді тұрақты пайдалану жұмыстарын жоспарлау туралы "Mouchel Parkman UK" (Ұлыбритания) компаниясы жүзеге асырып жатқан бағдарлама 2005-жылдың сәуір айында аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін, 4-наурызда Семейде БАҚ өкілдерімен кездесуде "Mouchel Parkman UK" компаниясының директоры Питер Каутри хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 686
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жоба аясында радиациялық қауіпті азайту жұмыстарын жүргізуге келетін жер учаскелерін айқындау көзделіп отыр. Алайда, жерді толыққанды немесе биологиялық тұрғыда қалпына келтіру көп шығынды талап ететін жұмыс. Әрі мұндай шаралар бұл жолғы жобада қарастырылмаған, деді ол. П.Каутридің айтуынша, радиациялық ластанған аймақты бұрынғы табиғи қалпына келтіру мүмкін емес. Полигон аумағының 95 проценті тек мал жайылымы ретінде пайдалануға ғана қолайлы, деді ол. Семей сынақ полигонының аумағында тұрақты жер пайдалануды жоспарлау туралы жоба 2003-жылдың шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастаған. Жоба құны 900 мың долларды құрайды.

Курчатов қаласындағы радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Лариса Птицкаяның айтуына қарағанда, «Полигонның нақты территориясы белгіленбеген. Экологиялық карта жоқ. Сондықтан да радиациялық аймақ қанша жерді алып жатыр, адам өмірі үшін қай өңірлер қатерлі, оны біз дөп басып айта алмаймыз. Полигон жабылғаннан кейін ол иесіз нысандардың қатарынан орын алды».
Семей полигоны маңындағы Абай ауданы Қарауыл ауылының тұрғындары полигон штольняларынан аққан лас суды пайдаланып отыр. Ал осы полигон
маңайындағы Дегелең мен Балапан ауылдары 40 жыл бойы ядролық сынақтар өткізілген жерге малдарын жайып, оның ет-сүтімен тамақтануда.
«Адамдар қауіпсіздігі үшін полигон аймағына «қауіпті аймақ» деген белгілер орнатқанымызбен, белгілерді орнынан қайта таппай қаламыз. Келімді-кетімді адамдар алып кетеді»-деді Л. Птицкая. Ал мұрағат мәліметтеріне қарағанда полигон 1 млн. 850 мың гектар жерді алып жатыр.

Соңғы жаңалықтар