Бүтін бір отбасы шырт ұйқыда жатып бақилық бола жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүтін бір отбасы шырт ұйқыда жатып бақилық бола жаздады

Бүтін бір отбасы шырт ұйқыда жатып бақилық бола жаздады

Оралда да бүтін бір отбасы шырт ұйқыда жатып бақилық бола жаздады. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген BMW X5 көлігі жер үйдің қабырғасын қопарып өтіп, жатын бөлменің ішіне кіріп кеткен. Абырой болғанда, отағасы дер кезінде оянып үлгеріпті.

  • 15 Қазан 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Түкке түсінбеген отбасы мүшелері есікке қарай еңбектеп қашып, бас сауғалаған. Үйдің төрт бұрышы да түгі қалмай бүлініпті. Ал төбесі опырылып ортасына түскен. Қымбат көлікті тізгіндеген кілең жас жігіттер көрінеді. Араққа сылқия тойып алып әрең тұрғандар оқиғадан соң көп ұзамай ізін суытқан.


Айбар Хаиров, үй иесі:

— Шеттерінен удай мас. Екеуі үйден шығып қашып үлгерді. Жолда тоқтаған бір автокөлікке мініп, жоқ болды. Тас қараңғы еді. Түрлерін көре алмай қалдым.