Бұтын ашып, шалқая билеген келіндер әрекеті елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұтын ашып, шалқая билеген келіндер әрекеті елді шулатты

Бұтын ашып, шалқая билеген келіндер әрекеті елді шулатты

Ғаламторда үш келіннің заман көшіне ілесеміз деп біріге билеген бейнежазбасы жұрттың талқысына түсті. Олар кәріс әнінің ырғағына қалжыңды би қозғалысын ұйымдастырған.

  • 19 Қаңтар 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Үш келіннің біріге билеген сәті Instagram  да жарияланды. Видеода аулаға бір сәтте орамал таққан үш келін жиналады. Бірінің қолында сыпырғы, бірі күрек, енді үшіншісі самакатпен келіп тоқтайды. Артынша хит болған кәріс әнінің қимыл қозғалысын бірге қайталап би билейді.

Аяқтарын көтере, шалқая, қолдарын сермеген келіндердің бұл видеосы ғаламторда қызу талқылануда. Бірі олардың биін ерсі, ұят деп жазса, енді өзгелері қолдайтындарын айтқан.

"Қазақтың келіндері бұтын талтайтпақ түгілі, аяғын айқастырып отырмаған". "Өте ұят, мен келіндеріме бұлай жасатпас едім". "Бұтын ашып билеген қыздардың қасында, осы дұрыс емес пе". "Ерсі ешнәрсесі жоқ"."Байлары сүмелек біреу да". "Іштері пысқан ғой", —
 
деген түрлі жазбаларын қалдыруда желі қолданушылары.

 

Соңғы жаңалықтар