БҰҰ: Эбола вирусын жеңу үшін тағы жарты жыл керек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ: Эбола вирусын жеңу үшін тағы жарты жыл керек

БҰҰ: Эбола вирусын жеңу үшін тағы жарты жыл керек

Батыс Африкада Эбола вирусымен күрес бойынша жұмыстарды үйлестірумен айналысатын БҰҰ өкілі бұл індетті жеңу үшін тағы жарты жыл қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Би би си.  

  • 26 Тамыз 2014
  • 251
Фото - Caravan.kz

Давид Набарро Сьерра-Леонеде әуе компаниясының дертке байланысты елге ұшу рейстерін тоқтату туралы шешімі вируспен күресті қиындататынын айтты.    

Эбола безгегіне қарсы дәрі ойлап табу әрекеттері әлем бойынша жалғасуда.

Канадалық фирма өкілдерінің айтуынша, кеселді жұқтырған 4 маймыл экспериментальды вакцинаны еккеннен кейін тірі қалған.

Жапония билігі Эбола безгегін емдейтін препаратты ұсынуға дайын екенін айтты. Алайда оны ДДСҰ ресми құптамаған.


Қазіргі уақытта Батыс Африкада шыққан Эбола дерті 1400-ден астам адамның өмірін қиды.