БҰҰ Фейсбук желісін дінаралық өшпенділікті өршітті деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Фейсбук желісін дінаралық өшпенділікті өршітті деп айыптады

БҰҰ Фейсбук желісін дінаралық өшпенділікті өршітті деп айыптады

«Дағдарыс кезінде елдің арасындағы дүмпуді басудың орнына, фейсбук Мьянманың Рохингья қаласындағы дінаралық өшпенділікті өршітті». БҰҰ-ның Мьянмадағы жағдайды бақылауға алған өкілі Марзуки Дарусман осылай мәлімдеді.

  • 14 Наурыз 2018
  • 99
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі cbsnews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл елдегі кереғарлық пен қақтығыстарды одан сайын өршітуде. Әрине, желідегі ақпаратты оқыған адамдардың жеккөрушілік сезімі оянады. Фейсбук әлеуметтік желісін осы себепті айыптаймыз», — деді Дарусман.

Ал дүйсенбі күні БҰҰ-ның Адам құқығы туралы Кеңесі аталған елдегі дағдарыс туралы екі баяндаманы тыңдады. Оның бірін Марзуки Дарусман, екіншісін адам құқықтары жөніндегі кеңесші Ян Хэ Ли баяндады.

«Біз ультрнационалист буддашылардың фейсбук желісінде арнайы парақшаларды ашып, Рохиньяда болып жатқан жағдай туралы үнемі кереғар ақпарат таратып отыратынын анықтадық. Олар зорлық пен өшпенділікті өршітетін, ұлтаралық, дінаралық қақтығыс тудыратын ақпараттар таратып отыр. Осылайша, фейсбук арадағы жыртқышқа айналды», — деді Ян Хэ Ли.

Ресми түрде фейсбук желіде «өшпенділік, зорлық-зомбылық тудыратын ақпарат таратуға» тыйым салады. Алайда, желіде жарияланған жазбаларға ешкім тосқауыл болып отырған жоқ.


Айта кетерлігі, қазіргі таңда 700 мың мұсылман Рохиньядан көрші Бангладешке көшуге мәжбүр. Ал Рохиньядан өзге Качин, Шан штаттарында этникалық топтар мен үкіметтік әскерилер арасындағы күрес күн санап өршуде.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына 3 жыл бойы зорланғанын айтып, жар салды

"Мені уахабистер пышақтады" — Құлсары тұрғыны

Соңғы жаңалықтар