БҰҰ лаңкестердің «қара тізімін» екіге бөлуді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ лаңкестердің «қара тізімін» екіге бөлуді ұсынуда

БҰҰ лаңкестердің «қара тізімін» екіге бөлуді ұсынуда

БҰҰ лаңкестердің «қара тізімін» екіге бөлу туралы мәселені көтеріп отыр.

  • 8 Маусым 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда «Әл-Кайеда» мен «Талибан» мүшелерінің тізімдерін екі бөлек жасау туралы ұсыныс жасалуда. Бұл қадам, Ауғанстан үкіметінің «Талибанмен» бейбіт келіссөз жүргізу талпынысының жалғасы ретінде қарастырылуда, деп хабарлады РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның ресми өкілі Питер Виттигтің айтуынша, БҰҰ-ның Санкция мәселелері жөніндегі кеңесі бұл ұсынысты маусым айының ортасында қарайды. Егер мәселе оңынан шешіліп жатса, БҰҰ аталған топтарға қатысты екі түрлі стратегияны бекітпек.

Сарапшылардың айтуынша, бұл мәселенің көтерілуі, бірінші кезекте олардың әрекет аумақтарының әр жақта екендігімен байланысты. «Әл-Кайеда» негізінен батыс мемлекеттерде әрекет етсе, «Талибан» Ауғанстанда белсенділік танытуда. Оған қоса, бұған дейін Ауғанстан үкіметі елге кіруге тыйым салу шоттарын жауып тастау сияқты санкциялар жоспарланған «Талибанның» 50 мүшесін «қара тізімнен» алып тастау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына өтініш жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар