БҰҰ өкілдері Бурабайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ өкілдері Бурабайда болды

БҰҰ өкілдері Бурабайда болды

Women on the Move (WOM) халықаралық әйелдер тобы Бурабай курорт аймағында болып қайтты.

  • 23 Мамыр 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Топ мүшелері арасында ұлыбританиялық Lady Anne Derryn Greenstock, австриялық Andrea Pfanzelter, үндістандық Babli Sharma, кипрлік Calliopi  Efthyvoulou Mavroyiannis, америкалық Constance Spahn және ирландиялық Rosemary Kavanagh болды.

Айта кету керек, аталған әйелдер тобының барлық мүшелері Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Womens' International Forum және UNDWC United Nations Delegations Womens' Club әйелдер ұйымының қызметіне белсенді атсалысты. Сондай-ақ, олардың бәрі аталған ұйымдарда әр жылдары Президент және вице-президент қызметін атқарған.

Дәстүрлі халықаралық әйелдер тобы Women on the Move (WOM) жыл сайын әлемнің әр қаласында (Брюссель, Гаага, Париж, Нью-Йорк, Лондон, Берлин) кездесулер өткізеді. Сапар барысында олар осы елдің тарихымен және мәдениетімен танысып, саясаткерлерімен кездесулер өткізеді.

Енді, мне, олар Қазақстанда бас қосып отыр. Елімізге "WOM in the Heart of Eurasia" бағдарламасы аясындағы сапары барысында елшілердің әйелдері курортты Бурабай аймағында болып, өңірдің әсем жерлерімен танысты.


Сонымен қатар, топ мүшелері Астана экономикалық форумы мен Халықаралық әйелдер форумына қатысады. Еліміздің саяси қайраткерлерімен кездесіп, Алматы қаласына да ат басын бұрмақ ойда.