Би-би-си мәлімдегендей, бұған дейін осы қызметті Лахдар Брахими атқарған болатын. Ол Женевада бейбіт келіссөздердің екі кезегінен кейін Сирия мен оппозиция арасында саяси диалогты жолға қоя алмады.
С.Мистура Италия сыртқы істер министрінің орынбасары болды және БҰҰ-ның Ауғанстанға ықпал ету жөніндегі миссиясын басқарды.
Жаңа тағайындалған арнайы өкілдің орынбасары болып мысырлық дипломат Рамзи Эзельдин Рамзи тағайындалды.