БҰҰ: Қазақстан Орталық Азияда босқындарды мойындау көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ: Қазақстан Орталық Азияда босқындарды мойындау көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда тұр

БҰҰ: Қазақстан Орталық Азияда босқындарды мойындау көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда тұр

Қазақстанда босқындарды мойындау көрсеткіштері 60 пайызға өскен, бұл - Орталық Азияда ең жоғары болып саналады. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесу кезінде БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Сабер Азам мәлім етті.

  • 28 Наурыз 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның мемлекеттік органдарымен, соның ішінде ІІМ арасындағы әріптестік соңғы төрт жылда жемісті болды. Босқындар туралы заң қабылданғаннан кейін босқындардың мәртебесін анықтау құқығы ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаментіне берілді. БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы осы саладағы жұмыстарға оң баға беріп отыр. Себебі былтыр Қазақстанда босқындарды мойындау көрсеткіштері 60 пайызға өскен, бұл — Орталық Азияда ең жоғары болып саналады», — деді ол.

Атап өтейік, С.Азамның Орталық Азиядағы миссиясы биыл аяқталады.


Брифинг барысында БҰҰ өкілі ұйымның қызметін белсенді түрде ақпараттандырып келген қазақстандық БАҚ-қа алғысын айтты.