БҰҰ Қазақстанның бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын жоюға бағышталған күш-жігерін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қазақстанның бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақ  зардаптарын жоюға бағышталған күш-жігерін қолдайды

БҰҰ Қазақстанның бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақ зардаптарын жоюға бағышталған күш-жігерін қолдайды

БҰҰ-ның бас ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен көтерілген "Қазақстанның Семей аймағын экономикалық дамыту, халықты сауықтыру және экология мақсаттарындағы қызметтерді үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық" резолюциясын бір дауыстан қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2005
  • 755
Фото - Caravan.kz

СІМ-нің ақпаратына сәйкес, бұл қарардың тең авторлары қатарына барлығы 79 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Франция, Германия, Италия, Австрия, Бельгия, Үндістан, Бразилия, Мысыр, Иран, Малайзия, Индонезия, ТМД елдері кіріп отыр.

«Бұл резолюцияның қабылдануы республика үкіметі мен Қазақстан халқының ядролық сынақтардың адамдардың, әсіресе балалар мен басқа да әлеуметтік аз қорғалған топтардың өмірі мен денсаулығына, Семей өңіріндегі табиғи ортаға ұзақ мерзім бойына нұқсан келтіру қаупіне деген алаңдаушылығы халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалуының нышан белгісі болмақ»,- делінген СІМ-нің хабарламасында.
Құжатта БҰҰ-ның бас ассамблеясы Семей өңірі тұрғындарының денсаулығына қатысты проблемалар мен радиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларды азайту үшін қазіргі заманғы технологиялар беру қажеттігі айтылған. Құжат халықаралық қоғамдастықты Қазақстанға Семей өңірінің экономикалық өсімі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасау, арнаулы емдеу бағдарламалары мен жобаларын жасап жүзеге асыруға қолдау көрсетуге шақырды.
«Сынақтардан зардап шеккен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізу маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылатын БҰҰ-ға мүше елдер қабылдаған бұл резолюция Қазақстан үшін айрықша маңызды. Ол елімізге бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын еңсеруде халықаралық қоғамдастықпен одан әрі ықпалдастықты жалғастыруға ауқымды мүмкіндіктер береді»,- делінген министрлік хабарламасында.