БҰҰ Қырғызстанға есірткіге қарсы күресу үшін қаражат бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қырғызстанға есірткіге қарсы күресу үшін қаражат бермек

БҰҰ Қырғызстанға есірткіге қарсы күресу үшін қаражат бермек

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Қырғызстан үкіметіне есірткіге қарсы күресу үшін қаржылай көмек көрсетпек.

  • 27 Маусым 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz


Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көмек жөніндегі бағдарлама жуырда Вена қаласында бекітілді. Құжатқа БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы бастығы Юрий Федотов пен Қырғызстан премьерінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Әбдірахман Маматәлиев қол қойды.

Бағдарламаның жалпы бюджеті 10,6 млн доллар. Қаражат заңсыз есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткіні шектен тыс пайдалану салдары туралы ескерту, нашақорлар мен ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандарды емдеу, шекараны басқару, қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес бағыттары бойынша жұмсалады.