БҰҰ тілшілерді өлтіргендерді қатаң жазалауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ тілшілерді өлтіргендерді қатаң жазалауға шақырды

БҰҰ тілшілерді өлтіргендерді қатаң жазалауға шақырды

Соңғы он жылда 800-ден астам журналист кәсіби қызметі үшін өлтірілген. Бұл туралы БҰҰ-ның мәлімдемесінде айтылды. 2 қараша - Журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні.

  • 2 Қараша 2016
  • 691
Фото - Caravan.kz

Он жағдайдың тоғызында қылмыскерлер жазадан құтылып шығады, деп есептейді БҰҰ. "Жазасыздықты — қылмыскерге сот тәртібімен жазалауда шара қолданбауды — адам құқығын бұзушылық деп атауға болады. Соның салдарынан журналистерге қатысты зорлық-зомбылық ғасырлар бойы толастамай келеді, оған қарсы шара қолдану керек".

Халықаралық журналистер федерациясының мәліметі бойынша, биыл кәсіби міндетін орындау кезінде әлемде 66 журналист өлтірілді. Олардың көбі Ауғанстанда қаза тапты — 11 адам. Мексика мен Иракта 5 журналистен, басқа да елдерде де одан аз БАҚ өкілдері өлтірілген.

2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясында 68/163 қарары қабылданып, 2 қараша — журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні ретінде белгіленді. Дәл осы күні Малиде екі француз журналисі қаза тапқан еді. БҰҰ қарары ұйымға мүше-мемлекеттерді жазасыздыққа қарсы күресте нақты шаралар қабылдауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар