БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды

БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды

Алматыдағы Қазақстан Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік даярлық орталығында «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» (United Nations Staff Officer Course) атты екі апталық халықаралық курс басталды.

  • 19 Мамыр 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған курстың мақсаты — БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысатын штабтық офицерлерді даярлау.

Ресми ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігер мен болашақ бітімгерлерді даярлау процесіне қаншалықты мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясымен жаһандық күреске байланысты барлық шектеулерге қарамастан, қазақстандық тарап барлық талаптарды ескере отырып, өз аумағында осы курсты халықаралық деңгейде өткізуді ұйымдастыра алғанын атап өтті.

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінен басқа мұнда Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сонымен бірге Ұлыбританияның, Испанияның, Қырғызстан мен Мозамбиктің тыңдаушылары оқиды. Оқу барысында олар БҰҰ-ның құрылымын, қағидалары мен процедураларын, бітімгерлік қызметті қадағалайтын құқықтық аясы, шешімдерді жоспарлау мен қабылдау үдерістерін, бөлімдер мен бітімгерлерде халықаралық штаб қызметтерінің міндеттерін үйренеді. Бағдарламада сондай-ақ, үлгілік жағдайлар сценарийі бойынша кіші топтарда тәжірибе жұмысы қарастырылған — дейді ұйымдастырушылар.


Курсты бітірген қатысушылар штабтық офицер ретінде білім алғанын растайтын халықаралық сертификат алады.

Соңғы жаңалықтар