Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады - Жұлдыз Әбдікәрімова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады - Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады - Жұлдыз Әбдікәрімова

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде жаңа жазбасымен бөлісті.

  • 27 Сәуiр 2022
  • 2499
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әйелдер өзінікінен бұрын өзгенің ақшасын санағанды жақсы көреді. Әсіресе, күйеуінің жалақысын түспей жатып, ойша жаратып жібереді. Ақшасы азайып бара жатса, көңіл-күйі де түсіп бастайды.

Жалпы, біздің тәрбиеде ақшамен қарым-қатынасымыз дұрыс емес:
1. “Ақша қолдың кірі” дейді. Жоқ, ақша қолдың кірі емес, ақша — маңдайдағы тер, тап-таза еңбек.
2. “Бай болу — жаман”. Жоқ, бай болу — бар болу. Бар болғанның несі жаман?!
3. “Бай болу — сараң болу”. Мұнымен де келіспеймін. Бар адам қолында болған соң береді, жоқ болса несін береді. Бай болу — өзіңде барыңмен, артылғаныңмен бөлісу", — деп жазды.

"Ақша көп болса бұзылып, жаман жолға түсіп кетеді деген бар" деген оқырманына Жұлдыз Әбдікәрімова "ол әр адамның сана-сезіміне байланысты. Бұзылам деген адамды тоқшылық та, жоқшылық та бұзады", — деп жауап берді ол.

 

Соңғы жаңалықтар