Бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 30 жас мерейтойын атап өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 30 жас мерейтойын атап өтеді

Бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 30 жас мерейтойын атап өтеді

24 мамыр - қос тұлғаның туған күні.

  • 24 Мамыр
  • 19
Фото: ашық дереккөз

Бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 30 жас мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі — “Жас қанат — 2012” және “Славян базары — 2015” музыкалық байқауларының жеңімпазы. Қытайдағы танымал “Singer” шоуының және америкалық The World’s Best таланттар шоуының қатысушысы. Сондай-ақ көптеген музыкалық марапаттардың иегері. Димаштың әндерін әлем халқы сүйіп тыңдайды. Сондықтан оның жан-жақта көрермендері бар әрі Қазақстанның негізгі визит картасы екені жасырын емес.

Димаш Құдайберген 30 жасын Түркияда атап өтеді.

«Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында Stranger туры аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концертім өтеді. Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын», – деп жазған Димаш Құдайберген. 

Әншіні қолдауға белгілі журналист Мая Бекбаева жолдасымен Түркияға келді. Ол туралы журналист әлеуметтік парақшасында жазды.

Сондай-ақ бүгін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 36 жасқа толды.

Оның екі салмақ дәрежесінде әлемдік төрт рекорды бар. 2008 және 2012 жылдары ол Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды. Бірақ допинг қолданғаны үшін марапаттарынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым