"Былапыт сөздер айтқан завуч Ұлжан Елмұратова 6-жылға сотталды": Анасы мен сіңілілері соттың терезесін сындырып, неше түрлі өнер көрсеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Былапыт сөздер айтқан завуч Ұлжан Елмұратова 6-жылға сотталды": Анасы мен сіңілілері соттың терезесін сындырып, неше түрлі өнер көрсеткен

"Былапыт сөздер айтқан завуч Ұлжан Елмұратова 6-жылға сотталды": Анасы мен сіңілілері соттың терезесін сындырып, неше түрлі өнер көрсеткен

Бірнеше жылдан бері халыққа зәбір көрсетіп келген Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды.

  • 15 Мамыр
  • 10457
ФОТО: stan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Құрал Сейілбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрал Сейілбектің айтуынша, соттан кейін Ұлжан Елмұратованың анасы мен сіңілілері оны ұрмақшы болған. Тіпті, өлтіріп кететіндерін айтқан.

«Сұмдық сот. Боғауыз Ұлжан Елмұратова 6-жылға сотталды. Аз әрине.

Бірақ соттың үкімінен кейін вампирдің анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып Жүсіп Ақшора көкем айтқандай осылай жанжал, дракамен аяқталды. Олардың ойынша боғауыз вампирді мен соттатқан сияқтымын. Кейін сыртқа шыққан соң тағы да қырғын болды. Соттың терезесін қиратып неше түрлі өнер көрсетті енді. Келесі посттағы қызықты да қараңыз.

Мына сұмдықты қараңыздар. Боғауыздың анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып аңдып жүр. Менікі кінәлім емес қой бұл жерде. Мені өлтіріп кетеміз дейді. Не масқара мынау?

Болмыс табиғатым осындай күрескер болып жаратылған соң осындай жалмауыздармен алысуға мәжбүрмін енді.», деп жазды.

Айта кетейік, 2021 жылы Түркістан облысы, Бадам ауылының тұрғындары Ұлжан Елмұратовадан зәбір көрген халық көшеге наразылыққа шыққан.

Сонымен қатар, Былапыт сөздерімен танылған «завуч» еңбек кітапшасының заңсыз жасалғанын мойындағаны туралы жазған болатынбыз.