Былтыр 181 жалған ақша анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр 181 жалған ақша анықталды

Былтыр 181 жалған ақша анықталды

Ұлттық банктің айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында ақшаны қолдан жасайтындар көп.

  • 7 Ақпан
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр 649 100 теңге болатын 181 жалған ақша анықталды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық банкі.

Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Десе де, 2022 жылға қарағанда бұл көрсеткіш аз дейді, ұлттық банк.

"Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз, бұл жылы 1 237 250 теңгеге парапар 391 жалған ақша анықталған. Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан 5000 теңгелік қағаз ақшаның – 68 данасы табылды. Бұл жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-і, 2 000 теңгелік қағаз ақшаның – 58 данасы, яғни 32% қолдан көп жасалатыны белгілі болды", — дейді ведомство.

Ұлттық банктің айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында ақшаны қолдан жасайтындар көп. Алматы облысында 124 дана жалған ақша анықталды. Бұл жалған ақшаның жалпы санының 68,5%-і, дейді Ұлттық банк.

"Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздар арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады", — дейді банк мамандары.

Соңғы жаңалықтар