Былтыр допинг дауына ілігіп, олимпиададан алған алтындарынан айырылған Ильяның сағы сынбапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр допинг дауына ілігіп, олимпиададан алған алтындарынан айырылған Ильяның сағы сынбапты

Былтыр допинг дауына ілігіп, олимпиададан алған алтындарынан айырылған Ильяның сағы сынбапты

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин соңғы кездері жаттығуды жиілетіп жүр. Бұл оның әлеуметтік желіге салған фотосуреттерінен аңғарылады.  

  • 30 Мамыр 2017
  • 9441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы спортшының ВКонтактедегі парақшасында жарияланған жазбалары мен суреттеріне сүйеніп, Caravan.kz хабарлады. 

Айта кетейік, Илья Ильин өткен жылы жаздың басында басталған допинг дауына байланысты Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатыса алмай қалған еді. Ал қараша айында Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен Бейжің және Лондон Олимпиадаларындағы алтындарынан айырылды.

Биыл осы айдың басында Ильиннмен бірге допинг дауына іліккен ауыр атлет қыздарымыз Мая Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға, Светлана Подобедова сегіз жылға жарыстардан шеттетілді. Ол кезде Илья Твиттердегі парақшасында: "Қыздарды аяймын. Келесі кезекте менмін" деп жазған болатын.   


Соңғы жаңалықтар