Бюджет қаржысына жеке үйін жөндетті айыпталған Қарағандының экс-әкіміне қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджет қаржысына жеке үйін жөндетті айыпталған Қарағандының экс-әкіміне қатысты іс қозғалды

Бюджет қаржысына жеке үйін жөндетті айыпталған Қарағандының экс-әкіміне қатысты іс қозғалды

Қаланы басқарғанда қызметін асыра пайдаланған. Қаржы полициясы Қарағандының жақында ғана отставкаға кеткен әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 4 Шiлде 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz


Тереу мәліметтеріне қарағанда, Мейрам Смағұлов қызметін пайдаланып, жергілікті құрылыс фирмасына жеке үйін жөндеткен. «ЮТЭКС» деген компания өз кезегінде бұл жұмыстарға 5 млн теңгеден астам қаражат жұмсапты. Айта кетсек, бұл мекеме Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлер тұрғызған. Тергеу құпиялығына байланысты, қаржы полициясы әзірге бұдан басқа ақпарат таратпай отыр. Мейрам Смағұлов Қарағанды қаласын екі жылдай басқарған. Жақында ғана облыс әкімі Бауыржан Әбдішев орнынан алынғасын, бұл да өз еркімен жұмыстан кеткен еді.