БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының сомасы 5,36 трлн теңгені құрады
![]() |
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының сомасы 5,36 трлн теңгені құрады, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев. |
«Ағымдағы жылы 1 қазанда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,36 трлн теңгені құрады. Бұл елдің ІЖӨ-нің 11%-ы. Барлық шарттар бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асты. Олардың ішінде мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары -382 мың бірлік, сомасы 53,8 миллиард теңгені құрайды. 2015 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына салынған таза инвестициялық кіріс шамамен 435 миллиард теңгені құрады»,- деп хабарлады Р. Ерденаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, көп жылдарда алғаш рет зейнетақы активтері бойынша табыс деңгейі инфляция деңгейінен асып отыр.
«Бұл барлық зейнетақы активтерін біріктірудің арқасында мүмкін болып отыр. Жеке қорлар алған комиссия әкімшілік шығындардың азаюына байланысты екі есе қысқарды. Бастысы - инвестициялық басқару амалы өзгерді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы оң нәтижені көрсетіп отыр», - деп атап өтті ол.
Мысалы, барлық зейнетақы қорлары біріккен 2014 жылдың қорытындысы бойынша кіріс 6,2% құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен (2,2%) әлдеқайда жоғары, - деп қосты Р. Ерденаев.
«Оның алдындағы 5 жылда кіріс 4,4%-дан аспады. Биыл 9 айда табыс 9%-ға жетті, қазір бұл инфляциядан жоғары көрсеткіш. Біздің инвестицияларымыздың негізгі бөлігі мемлекеттік құнды қағаздарға тиесілі. Кейін екінші деңгейлі банктердегі депозиттер мен квазимемлекеттік сектордағы облигацияларға құйған инвестициялар тұр»,- деп сөзін түйіндеді БЖЗҚ басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін