БЖЗҚ жеке компанияның облигацияларын өз қаржысына сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ жеке компанияның облигацияларын өз қаржысына сатып алған

БЖЗҚ жеке компанияның облигацияларын өз қаржысына сатып алған

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Қазақстан қор биржасы арқылы 5 млрд теңгеге «Бузгул Аурум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облигацияларын сатып алғаны туралы ақпарат расталды. Бұл туралы Ұлттық банктің департамент директоры Александр Терентьев мәлімдеді. Оның айтуынша, «Бузгул Аурум» компаниясының құнды қағаздарын Зейнетақы қоры өзінің жеке қаржысына сатып алған. Екеуара мәміле осы жылдың 6 қазанында жасалған. Бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тексеру жүріп жатыр. Ұлттық банктің өкілі бұл мәміленің қазақстандықтардың зейнетақы салымдарына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.       

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 488
Фото - Caravan.kz


— Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл облигацияларды өзінің жеке капиталына сатып алған. Ұлттық банк басқаратын азаматтардың зейнетақы активтеріне ешқандай қатысы жоқ. Қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу басқармасы қозғады. Ұлттық банк оларға көмектесуде. Қазір бұл мәміленің қалай жасалғаны, оған ненің ықпал еткені туралы барлық мән-жай толық тексеріліп жатыр, дейді ҚР Ұлттық банкінің департамент директоры Александр Терентьев.

Соңғы жаңалықтар