деген сенімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Тарихта мұндай іс-қимылдардың халықаралық қатынастарда пәрменді болмағандығын атап өткім келеді, ол сөз жоқ, ғаламдық экономикалық өсімді тежеп, әділ ғаламдық энергетикалық жүйе құру үшін кедергі жасайды", деді президент жұмада VII Астаналық экономикалық форумның пленарлы отырысы мен II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция барысында.
Елбасы атап өткендей, әлемдік саясатта сенім деңгейінің төмендеуі қауіпті үрдіс.
"21 ғасырда ғаламдық сенім – таза экономикалық категория. Ол неғұрлым жоғары болса, әлемдік экономиканың ауқымды өсімінің жылдам қалпына келу мүмкіндігі көбірек", деді Н.Назарбаев.
