Caravan.kz медиа порталы кибершабуылға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Caravan.kz медиа порталы кибершабуылға ұшырады

Caravan.kz медиа порталы кибершабуылға ұшырады

2026 жылы 2 тамыздан 3 тамызға қараған түні Caravan.kz ақпараттық жүйелері, оның ішінде сайт сервері мен корпоративтік желінің бірқатар элементтері ауқымды сыртқы кибершабуылға ұшырады. Соның салдарынан сайттың қалыпты жұмысы уақытша тоқтатылды.

  • 5 Тамыз
  • 38
Фото - Жасанды интеллект

Оқиға анықталған сәттен бастап техникалық мамандар тобы тәулік бойы шабуылды тоқтатуға, жүйелерге кешенді аудит жүргізу және ресурстың қауіпсіз жұмысын толық қалпына келтіру бағытында үздіксіз жұмыс атқарды.

Тергеу барысында өздерін Black Field тобы деп таныстырған қаскөйлер компаниямен байланысқа шығып, қаржылай өтемақы талап етті. Олар ұрланған немесе қолдан жасалған корпоративтік деректер мен жеке мәліметтерді жариялаймыз деп бопсалаған.

Осыған байланысты:

  1. «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС және Caravan.kz медиа-порталының редакциясы интернетте «Caravan.kz-тен тараған мәліметтер» деген атаумен жарияланып жатқан кез келген файлдар, хат-хабарлар, дерекқорлар немесе «құжаттардың» компанияның ресми материалдары болып табылмайтынын, оларды біз растамайтынымызды және олардың заңды күші жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді.

Мұндай материалдар толықтай немесе ішінара қолдан жасалған, өзгертілген немесе контекстен жұлынып алынған болуы мүмкін. Олардың мақсаты – компанияға қысым көрсету және қоғамды жаңылыстыру.

«Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС, Caravan.kz медиа-порталының редакциясы және оның қызметкерлері мұндай материалдардың мазмұнына, түпнұсқалығына, сондай-ақ оларды пайдалану немесе жариялау салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген тікелей немесе жанама зиянға (оның ішінде беделге нұқсан келтіру және моральдық шығындарға) жауапты емес.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, Telegram-арналар әкімшілерінің, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларының назарына: кибершабуыл нәтижесінде алынған бейресми әрі қолдан жасалған мәліметтерді тарату, дәйексөз келтіру, жариялау немесе өзге де жолмен тарату қасақана жасалған әрекет ретінде бағаланады.

Мұндай ақпаратты таратқан тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке өзі қылмыстық, әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.

  1. «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС үшінші тұлғалар «Caravan.kz дерекқоры» деген атаумен тарататын файлдардың, архивтердің немесе веб-сілтемелердің қауіпсіздігіне жауап бермейді.

Мұндай файлдарды жүктеу немесе тексерілмеген сілтемелерге өту құрылғыңызға зиянды бағдарламалардың жүктелуіне және жеке деректеріңіздің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Caravan.kz редакциясы әрдайым ашықтық, объективтілік және кәсіби журналистика қағидаттарын ұстанып келеді. Біздің бүкіл қызметіміз Қазақстан Республикасының заңнамасы мен редакциялық стандарттарға толық сәйкес жүзеге асырылады.

Рұқсатсыз қол жеткізу, бопсалау және бұқаралық ақпарат құралының жұмысына кедергі келтіру фактілері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарына тиісті арыздар мен хабарламалар жолданды. Қазіргі уақытта ресми тергеуге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.

Оқырмандарымызға, серіктестерімізге және әріптестерімізге түсіністік танытып, сенім білдіріп және қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз!