Жарияланды: 440

Cауд Арабиясының королі Назарбаевқа бағалы сыйлық жолдады

Cауд Арабиясының королі Назарбаевқа бағалы сыйлық жолдады

Сауд Арабиясының королі Салман Әл Сауд Нұрсұлтан Назарбаевқа қасиетті Қағбаның жамылғышын беріп жіберді. Бұл туралы Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези Астанада Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырып жатқан кезде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президентімен кездесу - мен үшін үлкен құрмет. Оған сенім грамотасын тапсырғаныма қуаныштымын. Сондай-ақ, Президент Сауд Арабиясының королі жіберген қасиетті Қағбаның жамылғышын қуанышпен қабыл алды", - деді Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі. Қағбаның жамылғышы қара жібек матадан жасалған және онда алтыннан жасалған өрнектер бар. Жамылғыштың ұзындығы - 41 метр. Айта кетейік, Ақордада жеті елдің елшісі Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырды. Грамоталарды Қазақстандағы Марокко елшісі Әбделжалил Собри, Оңтүстік-Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, Біріккен Араб Әмірлігінің елшісі Мухаммед Ахмед Султан Иса Әл-Джабер тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Захир бен Мутиш Әл-Анези, Малайзия елшісі Дато Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузия елшісі Зураб Абашидзе, Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга Қазақстан Президентіне грамоталарды тапсырды. Сенім грамоталарын алған Нұрсұлтан Назарбаев делегаттарды Қазақстандағы дипломатиялық қызметімен құттықтаған болатын.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін