CDMA мобильді байланыс жүйесін құруға лицензиялар сату GSM желісін дамытуға әсер етпейді - K-mobile
Қазақстанда CDMA стандартына сәйкес мобильді байланыс жүйесін құруға лицензиялар сату GSM желісін дамытуға әсер етпейді. Бұл туралы K-MOBILE мобильді байланыс желісінің операторы "Кар-Тел" ЖШС-нің қаржылық директоры Дамир Қарасаев мәлімдеді . |
Бүгінде K-Cell және K-Mobile негізгі желілерінің қызметін тұтынушылар саны 1,4 млн. адамға дейін артқан. Компаниялар абоненттер санының арту ағымы 2004-жылы да жалғасын табады дегенге сенімді. Д.Қарасевтың пікірінше, ТМД елдерінің аумағында көбінесе GSM стандартына сәйкес байланыс желілері кеңінен таралғандықтан, желі тұтынушыларының мардымсыз бөлігі ғана CDMA стандартына көшеді . Соған сәйкес CDMA және GSM желіліерінің абоненттер саны өзара едәуір айырмашылықта болмақ.
Ал "Кар-Тел" ЖШС-нің техникалық директоры Юрий Лавровтың айтуынша, жаңа ұялы байланыс операторларының пайда болуы ұялы байланыс қызметтері рыногіндегі жалпы ахуалға оңды әсер етпек.
Атап айтсақ, тұтынушыларға ұсынылатын бағасы әртүрлі байланыс қызметтерінің саны арта түседі. Бұл байланыс операторларын тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға итермелейтіні түсінікті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін