"Цех" сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Цех" сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты

"Цех" сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты

 

  • 15 Қыркүйек 2021
  • 239
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанда "цех" сөзінің латын қарпімен жазылу нұсқасына қатысты дау шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Mahalla телеарнасының репортажында кейіпкер "Sex Ustasi" (цех ұстазы) деп таныстырылған.

Қолданушылардың біразы өзбек тілінің әліпбиін өзгертуді ұсынған, олар "Ц" әрпін "TS" деп жазуды немесе "Seh" деп жазуды ұсынады.

Бұл талқылауға қатысты әділет министрінің тілдер жөніндегі кеңесшісі әрі танымал блогер Шахноза Соатова пікір білдіріпті "Sex" сөзін айтпасақ, біріншіден, өзбек тіліндегі контекстіде біз ол мүлде басқаша оқылатынын байқаймыз ("цех"). Екіншіден, төлқұжаттарымызда "пол" деген мағынадағы осы сөз бар, бірақ ешкім әжуалаған жоқ", — дейді ол.

Оның сөзінше, әліпбиді әлеуметтік желідегі әзіл мен хайптан кейін өзгерту дұрыс емес, оның орнына ғылыми тұрғыдан қарау керек.


Соңғы жаңалықтар