Цезий бар контейнерді тапқан адамға 1,5 млн тг сыйақы беріледі - Маңғыстау облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цезий бар контейнерді тапқан адамға 1,5 млн тг сыйақы беріледі - Маңғыстау облысы

Цезий бар контейнерді тапқан адамға 1,5 млн тг сыйақы беріледі - Маңғыстау облысы

Тасымалдау кезінде жоғалған цезий-137 бар контейнерді тапқан адам 1,5 млн теңге сыйақы алады,

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 532
Фото - Caravan.kz

делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.

Радиоактивті заты бар контейнерді іздеу жалғасуда.

Ақпаратқа қарағанда, ІІМ ұлттық гвардиясының 6656 әскери бөлімшесінің 70 әскери қызметшісі Шетпе ауданынан бастап жаяу Бейнеу ауданының Опорный селосына дейінгі жолды және аумақты тексеріп шыққан, ұзындығы 300 шақырым.

Аудандарда үйлерді аралау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, металлолом қабылдау пункттері, көлік құралдары тексерілуде.

Алдында хабарланғандай, цезий-137 салынған биіктігі 30 см, диаметрі 20 см және салмағы шамамен 50-60 кило контейнер Оралдан Маңғыстау облысына әкелене жатқан "Камаздан" Сай-Өтес-Шетпе жолының учаскесінде түсіп қалған.

Контейнер ғылыми мақсатта пайдаланылуға тиіс еді. Жоғалған қауіпті жүкті іздеуге облыстың бүкіл шұғыл қызметтері тартылды. Полиция аймақ халқына оны тапқан күнде ашпауды сұрап отыр, өйткені цезий-137 өте қауіпті уытты зат, оның аз ғана мөлшерінің өзі адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.