«Че чурка, очко жим-жим»: Алмат Сақатов тақырбас скинхедтермен қалай кезіккені туралы айтып берді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Че чурка, очко жим-жим»: Алмат Сақатов тақырбас скинхедтермен қалай кезіккені туралы айтып берді (ВИДЕО)

«Че чурка, очко жим-жим»: Алмат Сақатов тақырбас скинхедтермен қалай кезіккені туралы айтып берді (ВИДЕО)

Белгілі актер Алмат Сақатов Ресейде ұлтшыл скинхедтерге қатысты басынан өткен оқиға туралы айтып берді.

  • 21 Қараша 2022
  • 862
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Менің соғым туралы постым көпшіліктің арасында қызу пікірталас туғазыпты. Тик-ток өшіріпті. Айтуыларынша, біреулерді қорқытып жіберіппін. Шын мәнінде маған бәрібір. Мен тек өз өмірім туарлы айтқым келеді.

Осыдан 15 жыл бұрын Мәскеуге бардым. Қызыл алаңда болдым. Метроға түсіп келе жатқан едім, қарасам оң жақ төменде өте кәрі, өзі ішіп алған алқаш, үсті басы лас бір кәрі кемпір отыр екен қайыр сұрап. Одан төмен түсе бергенімде 20 шақты тақырбас скинхед «Ресей біздікі, Ресей орыстарға» деп айғайлап, ұрандатып жүр екен. Мен әрине қорқып кеттім. Түрім осындай ғой. Тоқтап тыңдай бастадым. Сол кезде жаңағы кәрі кемпір "Че чурка, очко жим-жим" деді. Ешқандай үміті жоқ, ақшасы жоқ, алқаш кәрі кемпір, ал ойы бәрібңр әлгіндей. Отанды сүйіңдер, мен өз Отанымды сүйемін»,- деді Алмат Сақатов.


"Орыстың алқашына дейін қазақтан өзін жоғары санайды. Көзіңе күліп сөйлегенмен бір саусақтары бүгулі", "Ондай орк апалардың талайын көргем Қазақстанда жүріп ақ. Аулаға отырсаң да қуатын, ол кезде пәтердің бәрі соларда", деп жазды оқырмандар.

 

Соңғы жаңалықтар