Жарияланды: 450

Чехия компаниялары Қазақстан армиясында қолданылатын Т-72 танктерін модернизациялауға дайын

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Чехия компаниялары Қазақстан армиясында қолданылатын Т-72 танктерін модернизациялауға дайын. Бұл туралы Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бедрих Копецкий еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кездесу қорытындысы бойынша сонымен бірге Қазақстандық әскерилерді Чехияның жоғары оқу орындарында ақпараттандыру және байланыс саласындағы мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігі де қарастырылуда",- деді елші. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін