Жарияланды: 380

Челахқа қатысты алғашқы сот тыңдауы алдағы дүйсенбіге белгіленді

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қанды қырғынға қатысты соттың алдын ала тыңдаулары алдағы дүйсенбіге белгіленді. Алғашқы отырыс Талдықорған гарнизонының әскери сотында өтеді.

Бірақ айыпталушы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов алдын ала тыңдау аяқталған соң, негізгі сот отырысын Алматы қаласында жүргізілуін талап етпек. Себебі бұндай күрделі қылмыстық істер мамандандырылған сот қарауына берілуі тиіс. Ал адвокат Талдықорғанда ондай мекеменің жоқтығын алға тартуда. Естеріңізге сала кетейік, 14 әріптесі мен бір қорықшыны өлтірді деген күдікпен қамалған Челах 9 бірдей бап бойынша айыпталып жатыр. Қылмыстық істің өзі 56 том болған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін