Челахтың адвокаты БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Челахтың адвокаты БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жазды

Челахтың адвокаты БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жазды

Шекарашыларды өлтірді деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жолдады.

  • 27 Наурыз 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz


«Мен шағым жазып, оны халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюроға бердім. Ондағылар хатты бірер күнде жөнелтуі тиіс», — деді С.Сәрсенов бейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісіне.

В.Челахтың бұл қылмысқа қатысы жоқ деп есептейтін С.Сәрсенов үкімнің күшін жоюды талап етіп келеді. Алайда Жоғарғы соттың апелляциялық, кассациялық және қадағалау алқалары үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар, В.Челахтың өзі президенттен рақымшылық жасауды өтінген болатын. Рақымшылық жөніндегі комиссия одан бас тартты.