Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті

Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті

Чилидегі Винья-дель-Мар курорттық қаласын шарпыған орман өртінен кем дегенде екі адам қаза тапты. Тағы 30 адам күйік пен түрлі дене жарақаттарын алды.

  • 25 Желтоқсан 2022
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбіде қаланың таулы аймағын өрт шарпыды. 50 км/сағ-қа дейінгі қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, шамамен 125 гектар аумақты қамтыды. Бірнеше аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Чили Президенті Габриэль Борич елде төтенше жағдай енгізді.


Соңғы жаңалықтар