Цифрлық инклюзия: Азия және Тынық мұхиты өңірінің 30-дан астам министрі Астанада бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цифрлық инклюзия: Азия және Тынық мұхиты өңірінің 30-дан астам министрі Астанада бас қосты

Цифрлық инклюзия: Азия және Тынық мұхиты өңірінің 30-дан астам министрі Астанада бас қосты

Астанада цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Орталық Азиядағы алғашқы Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы басталды.

  • 3 Қыркүйек
  • 3
Фото - Caravan.kz

Онда 30-дан астам елдің цифрлық даму көшбасшылары бас қосуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ға сілтеме жасап.

ОА Цифрлық конференция
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Ауқымды жиынды БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ұйымдастырған. Қазақстанда АТМЭӘК-ның конференциясын өткізу ұсынысы 79-шы сессияда барлық мүше мемлекеттердің бірауыздан қолдауына ие болды, бұл елдің өңірдегі цифрлық технологиялар мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі маңызды рөлін атап көрсетеді.

Шараның ашылу салтанатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Азия Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия 80 жылға жуық уақыт бойы осы аймақтағы 4 миллиардтан астам адамның өміріне айтарлықтай әсер етіп отырғанын жеткізді.

Цифрлық конференция
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы Азия Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияға толыққанды мүше болып отыр. Оған қоса, біз үздік әлемдік тәжірибе негізінде серіктестік және тату көршілік қарым-қатынастар рухында серпінді дамуды жалғастырып келеміз. Осы жылдары біз қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару, инвестициялық байланыстар, сауда, энергетика және көлік сияқты маңызды бағыттарда қарым-қатынасты дамыта алдық», — деді О. Бектенов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар экономикалық өсуді қамтамасыз ете отырып, миллиондаған адамдарға бизнес, білім беру және денсаулық сақтау саласында жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік беріп отырғанын атап көрсеткен еді.

Цифрлық конференция
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі цифрлық даму жағынан ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн қызметтер бойынша 8-ші орында. Барлық мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы мобильді құрылғылардан халыққа қолжетімді.

«Қазақстан цифрлық Жібек жолын дамыту шеңберінде көршілермен бірге Парсы шығанағы елдеріне шығып, Каспий теңізінің түбіне талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу, сондай-ақ Батыс-Шығыс жобасы бойынша транзиттік әлеуетті одан әрі кеңейту жөніндегі жобаны іске асыруда. Бұл жаңа технологияларды дамыту, ірі Big Tech компанияларын тарту үшін деректерді жинау, сақтау және өңдеудің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр.

Конференцияның алғашқы екі күнінде пленарлық талқылаулар, қосымша іс-шаралар және министрлер арасындағы екіжақты кездесулер өтіп, меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады.

жиналыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Конференцияның соңғы күні – 5 қыркүйекте болатын Kazakhstan Tech Solution Day шеңберінде IT-компаниялар, стартаптар мен Қазақстанның SmartBridge, Smart Data Ukimet, eOtinish сияқты озық цифрлық әзірлемелері таныстырылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық орталық – Astana Hub халықаралық технопаркінің мүмкіндіктері де таныстырылады.