Цифрлық Қазақстан: Алматы тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен таныс болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цифрлық Қазақстан: Алматы тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен таныс болады

Цифрлық Қазақстан: Алматы тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен таныс болады

Уақыты:  26-27 қыркүйек 2018 жыл,  сағат 9:30-да.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Орны: MOSTбизнес-инкубаторы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 55/4 (Ю.Ким көшесінен кіру, Ы.Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасында)

 26-27 қыркүйек MOST бизнес-инкубаторында алматылық жастарға, оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлерге «QDigitalInform» семинары аясында блокчейн технологиясы мен қазақ тілді аудитория үшін электронды құжат айналымының жүйесі туралы ақпарат ұсынылады.

Шараның басты спикері ретінде «Атамекен» ҰКП IT-кеңесінің Төрағасы, бизнесті автоматтандыру бойынша бірнеше компаниялардың жетекшісі Мирус Құрмашев болса, қадірлі қонақтар қатарында «JasQazaq» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «365info.kz» сайтының қазақ тілі бөлімінің бас редакторы Қайрат Матреков және «Caravan.kz» медиа порталының бас редакторы Темір Мысекеев болады.

Бүгінгі таңда еліміздің қазақ тілді аудиториясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай және қандай бағытта жүзеге асырылып жатқаны туралы біле бермейді. Сонымен қатар, электронды құжат айналымы мемлекеттік органдарға қалай әсер ететіндігінен де бейхабар. Осылайша цифрландырудың барлық көріністеріне аудиторияның қызығушылығын арттыру үшін көшпелі семинарлар өткізу қажеттілігі туындайды. Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді.


Семинар қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар