«Цифрлық Қазақстан». Ауыл мен қала балаларының білімінде сапалық айырмашылық болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Цифрлық Қазақстан». Ауыл мен қала балаларының білімінде сапалық айырмашылық болмайды

«Цифрлық Қазақстан». Ауыл мен қала балаларының білімінде сапалық айырмашылық болмайды

Әр азаматтың бәсекеге қабілетті болуы оның білімі мен білігімен айқындалады. Білімді бәсекеге қабілетті қылу үшін жаңа технологияны цифрландыру қажет.

  • 19 Қараша 2018
  • 2502
Фото - Caravan.kz

Білім саласын цифрландыру дегеніміз не? Ол бізге қандай мүмкіндік берді? Осы сұрақтарға жауаптарды күнделікті мектеп шаңырағында болып жатқан жұмыс барысынан іздесек.

Мектептің күнделікті сабақ процесіне қатысты Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,  №266 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Ізбасар Лаура Разаққызы өз ойымен бөлісті:

Мектепте сабақ өте қызықты өтуде, оқушыларға берілетін тапсырмалар интерактивті тақта арқылы бірдей көрсетіледі, бағдарлама барлық оқушының ұялы телефондарына жүктелген. Сондықтан, мұғалім мен оқушы арасында артық қағаз жоқ және сұрақтарға жауаптар алу, телефонның бір түймесімен басқарылып, белгіленеді. Бұрынғыдай мұғалім парақтағы тапсырмаларды тексеріп, баға койып уақытын жұмсамайды. Технологияның дамыған кезінде оқушыларды қағаз, оқулықтармен шектеп қою, ол үлкен қателік. Сондықтан ,мектеп мұғалімдері балаларды кешегі кездің емес ертеңгі күннің бағытымен оқыту қажет дейді. Оған мектепте толық мүмкіндік жасалған, компьютерлер интернет желісіне Wi-Fi қосылған. Елбасының цифрлы технологияны білім саласына енгізу тапсырмасы ойдағыдай орындалуда. Мектеп мұғалімдері оқыту мазмұнын заманауи техникамен ұштастыруда, білім беруді әлемдік стандартқа негіздеуді мақсат етеді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017жылы бекітілді. Бағ-дарлама бірнеше бағыттардан тұрады. Ал, білім саласындағы цифрландыру мәселесіне келсек, бұл – адами капиталды дамыту бағыты. Бұл бағыт білім берудің басқару жүйесін құру, бастауыш білім беруде бағдарламалау негіздерін 2-сыныптан енгізу, жетекші АКТ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту сияқты іс-шаралар атқарылуда. 2018-2019 оқу жылында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні 3-сыныптың оқу бағдарламасына енгізілді, сондай-ақ 2019-2020 оқу жылында 4-сыныпқа, 2020-2021 оқу жылында 1-2 сыныптарға енгізу жоспарланған. Ең алдымен STEM-элементтердің яғни, робототехника қосылуда.

Елбасы — жастар жоғары стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс деді. Мектеп кітапханасының онлайн оқулықтарын, анықтамалықтар көбейтуді міндеттеді. Онлайн кітапхана жүйесі енгізілуде, оқушылар керекті ақпаратты интернет желісі арқылы ала отырып, уақыттарын үнемдейді және бірнеше тілде оқуға мүмкіндіктері бар.

Ата-аналармен қарым-қатынасты орнатып отыратын арнайы жобалар бар. Бұл электронды күнделік. Электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша мектептерде енгізілді. Кез келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалай алады. Барлық мектеп жүйеге құпия сөз және логин арқылы кіреді. Әр оқу жылына бір рет сабақ кестесі бекітіліп, автоматты түрде барлық тоқсанға қойылады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күнделігіне түседі. Жүйеде үйге берілген тапсырма да көрініп тұрады.


Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған порталдары бар, жаңартылған бағдарламасын тарататын зияткерлік мектептердің әдістемелік кешені арқылы барлық қажетті ресурстары қолжетімді. «BilimLand» цифрлы білім беру порталы мұғалімдерді тегін дидактикалық материалдар, ресурстармен қамтамасыз етеді. Оқушылар әр тақырыпқа байланысты бейне, аудио жазбалармен танысып, химиялық реакциялар жүргізеді. Бұл олардың қауіпсіздігінің кепілі. Демек, ауыл мен қала балаларының біліміндегі сапалық айырмашылық болмайды.

Қай салада болмасын жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Білімнің сапалы болуы жеке азаматтың қарым қабілетінен ғана емес мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін білдіреді. Білім саласының басты талабы цифрлы технологияны жетік меңгеру арқылы оқушылардың білім-ғылымға деген ынтасын арттыру. Ұлттың болашағы білім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақтың қолында. Цифрландыру — Қазақстанның өркендеу негізі.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар