Жарияланды: 3700

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қарапайым тілмен қалай түсінеміз

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қарапайым тілмен қалай түсінеміз

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – елімізді электронды түрде қарқынды дамыту, технология күннен-күнге дамып, бәсекелестік артқан заманда халыққа қолайлы жағдай жасап жаңашаландыру.

Қазақстанның барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маңызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесін атқарады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады. Бірінші кезекте бұл ақпарат жастарға, сонымен қатар салалық мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерге маңызды екенін аңғару қажет.

Бүгінгі таңда еліміздің қазақ тілді аудиториясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай және қандай бағытта жүзеге асырылып жатқаны туралы біле бермейді. Сонымен қатар, электронды құжат айналымы мемлекеттік органдарға қалай әсер ететіндігінен де халыққа толықтай ақпарат жеткізілмеген. Осылайша, цифрландырудың барлық көріністеріне аудиторияның қызығушылығын арттыру үшін көшпелі семинарлар өткізу қажеттілігі туындайды. Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді.

Бұл тұрғыда еліміздің барлық өңірлері мен әрбір мекемелерінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қарқынды даму үстінде. Жеке-жеке тоқталар болсақ:

«Цифрлық Қазақстан. Емханаға смартфонмен».

Бұл жерде емделуші мен дәрігерлер арасындағы байланыс емделушінің электронды тіркелу арқылы уақыт үнемдеуі, электронды түрде науқастың барлық мәліметі тіркеуде болады.

Алдағы жылдан бастап дәрігерлер толықтай қағаз бастылықтан арылады. Емханаға келушілердің құжатын толтыру едауір уақыт алатыны рас. Мәселен, дәрігер түрлі қағазды толтыруға жұмсаған уақытын кезек күтіп отырған келесі науқасты қабылдап, оны тексеруден өткізуге арнайтын еді. Бұл жерде де цифрландыру көмекке келеді. Ол дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді.

«Қазпошта» АҚ толықтай цифрландырылуда.

«Қазпоштаның» алдағы стратегиялық мақсаты түгелдей цифрлы бағдарламаға өту. Бұрынғы жүйе бойынша бөлімшеге келіп, конверт сатып алып, жеке мәліметтерді толтырып, байланыс операторы арқылы жөнелтуге түбіртек алатын және бұл хат Қазақстан бойынша 3-4 күнде жеткізілетін. Ал бұл мәселе қазір түбегейлі жеңілдітіліп, гибридтік электрондық пошта арқылы оңай әрі тез географиялық мекенжай бойынша электрондық хатты жөнелтуге болады, ол басылып шығарылып, конвертпен адресатқа жеткізіледі. Қазір дәл осы электронды нұсқа тиімділігін көрсетіп отыр, соның ықпалымен жай хаттардың саны ептеп азаюда, яғни бұл дегеніміз халық хат жолдаудың электронды нұсқасын көптеп пайдалануда.

Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтті.

Аталмыш бағдарлама 24-25 қазанда еліміздің үшінші мегаполисінде қазақтілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында өтті. «QDigitalInform»-

қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптейтін ерекше жоба.

Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы отандастарымыздың өмірін қалай жеңілдететіні туралы айтылады.

Бұл бағдарлама 7-8 қарашада Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында семинар өтеді. Шара Қызылорда облысының Жастар ресурстық орталығында салалық қызметкерлердің, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен өтеді.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін