«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасының бағыттары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасының бағыттары

«Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасының бағыттары

Қазақстан өмірінің барлық салаларын және экономикасын цифрландыру – бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі болып табылады. Осы мақсаттарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бес басты бағыттар бойынша жұмыс істеуге арналған шаралар кешенін әзірледі.

  • 26 Маусым 2018
  • 3008
Фото - Caravan.kz

Экономика салаларын цифрландыру

Цифрлық экономика – бұл ірі кәсіпорындарға да, кіші және орта бизнес үшін де онлайн-мүмкіндіктер мен инновациялық цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі.

2022 жылға қарай не өзгереді:

  • Экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейі Әлем елдерінің озық отыздығы деңгейіне дейін артады
  • Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорт өндірістері пайда болады
  • Қазақстанның ірі компанияларын капиталдандыру өтеді, онысымен негізінен жаңа деңгейге шығуды мүмкін етеді
  • Жергілікті электрондық сауда көлемі артады
  • Көлеңкелі экономика үлесі Әлемнің озық отыздығы деңгейіне дейін төмендейді

Өнеркәсіпті цифрландыру

Өнеркәсіпте цифрлық технологияларды кеңінен қолдану өндіру процестерінің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде арттыруды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ компанияның бизнес-модельдерін өзгерту есебінен жаңа кіріс көздерін құруды мүмкін етеді.

Өндіруші, өңдеуші өнеркәсіп және электр энергетикасы Қазақстанның нақты экономика секторының негізін құрайды және келесі озат цифрлық шешімдерді талап етеді.

Көлікті және логистиканы цифрландыру

Осы секторды цифрландыру транзиттік жүк тасымалының көлемін арттырады және процестің барлық қатысушылары үшін қызметтердің сапасын арттырады. Сапалы көлік және логистикалық инфрақұрылым аумақтардың байланыстылығын арттыру мен
тауарларды межелі жеріне жеткізудің үстеме шығындарын төмендету есебінен экономиканы дамытуға мықты серпін береді.

Бұл келесі цифрлық шешімдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Электрондық сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту

Бағдарлама Интернет-сауданы жалпы дамыту бойынша елдегі кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралардың кең кешенін іске асыруды ұсынады. Ұсынылатын шаралар электрондық сауданы реттеу, электрондық төлемдерді қабылдауды кеңейту, халықтың
және кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық сауданы ілгерілету, сондай-ақ инфрақұрылымды және логистиканы дамыту саласында болып отыр.

Қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруға ерекше ден қойылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру

Ауыл шаруашылығын цифрландыру өнімнің сапасын арттыруды, көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ өндірістік процеске адамның қатысуын қысқартуды мүмкін етеді.
IT-технологиялардың арқасында мемлекет мал шаруашылығындағы асыл тұқымды малды есепке алу жүйесін, фитосанитарлық және ветеринарлық тәуекелдерді талдау жүйесін, сондай-ақ табиғи ресурстардың жай-күйіне автоматты түрде мониторинг жасауды енгізе алатын болады.
 

Осының барлығы келесі цифрлық шешімдер арқылы орындалады.

Цифрлық мемлекетке өту

Цифрлық мемлекет – бұл азаматтар мен бизнес үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер.

Мемлекет – азаматтарға

Цифрлық технологияларды енгізу азаматтарға электрондық форматтағы мемқызметтерді жылдам әрі дербес алуды мүмкін етеді. Көптеген меморгандар, азаматтардың қажеттіктерін біле отырып, оларға мекемелерге барудың қажетінсіз қызмет көрсету үшін алдын ала байланыса алатын болады.

Осының барлығы келесі цифрлық шешімдер арқылы іске асырылатын болады.


Мемлекет – бизнеске

Мемлекет пен бизнестің цифрлық өзара іс-қимыл жасауы кәсіпкерлерге барлық қажетті қызметтерді онлайн алуды, сондай-ақ бухгалтерия, адами ресурстарды басқару, қаржылық
талдау және т.б. бірыңғай ІТ-сервистерді қолдануға мүмкіндік береді.
 

Осылар келесі цифрлық шешімдер арқылы мүмкін болады.

Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру

Меморгандардың тиімді қызметі кадрлық, бухгалтерлік есеп, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және орындау, басқа да мемлекеттік органдармен қатынасхаттар сияқты және т.б. операцияларды автоматтандыру арқылы мүмкін
болады.

Бұл келесі цифрлық шешімдер мен ақпараттық жүйелерді (АЖ) енгізу арқылы іске асырылады.

«Ақылды» қалалар

Цифрлық технологиялар тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауды мүмкін етеді.

Көлік, әлеуметтік, тұрғын-үй инфрақұрылымын жетілдіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі инновациялық шешімдер арқылы мүмкін болады.

Цифрлық Жібек жолын іске асыру

Цифрлық Жібек жолы интернетке жылдам әрі қауіпсіз қолжетімділікті және елдің тұтас
аумағын мобильдік байланыспен сапалы қамтуды қамтамасыз етеді.

АКТ-инфрақұрылымы

Деректерді жіберудің қолжетімділігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігі – бұл экономиканың барлық салаларын дамытудың, сондай-ақ халық тұрмысының жоғары сапасының
технологиялық негізі.
 

Осының барлығы келесі цифрлық және инфрақұрылымдық шешімдер есебінен іске асырылатын болады.

Адами капиталды дамыту

Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады.

Білім беруді цифрландыру

Цифрлық қоғам құру үшін білім беру жүйесін озат әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту қажет болады.

Креативтік және сыни ойлауға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын қолдануға ден қойылатын болады.

Инновациялық экожүйені құру

Осындай экожүйе бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланысы бар инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытады.

Стартап-мәдениет

Технологиялық кәсіпкерлер – инновациялық идеялардың негізгі көздері болып табылатын дарындар, сондай-ақ жобаларды «ақылды» қаржыландыруды іске асыратын кәсіби инвесторлар стартап-ортаның басты элементтеріне айналады.

Осының барлығы келесі цифрлық және инфрақұрылымдық шешімдер есебінен іске асырылатын болады.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар