Жарияланды: 3300

«Цифрлық Қазақстан». Метрополитен бекеттерінде ұялы байланыс енгізілмек

«Цифрлық Қазақстан». Метрополитен бекеттерінде ұялы байланыс енгізілмек

«Цифлық Қазақстан» – қазіргі ғасырдың даму үрдісіне сәйкес қызмет етуді көздейтін бағдарлама. «Цифрлық жаңғыру» бағыты экономиканың әр саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында сандық технологияларды қолдану бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Алматы метрополитенінде» болашақта қандай тың өзгерістер болатыны жайлы мекеме басшысы Ербол Әбілдинов мырза Караван медиа-порталының тілшісіне айтып берді:

- "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша алдағы уақыттарда өзгерістер енгізіле ме? Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

- Қазіргі уақытта метрополитеннің барлық бекеттерінде ұялы байланысты ендіру, «Пойыздың келу уақытын есептеудің автоматтандырылған жүйесі» программалық-аппараттық кешенін құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2019 жылға деректерді ККМ-нен салық органына онлайн беру үшін метрополитенде жол жүру ақысының қолданыстағы жүйесін модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

- Салынып жатқан бекет құрылысы қай уақытта ашылады? Сұранысқа қаншалықты ие болып отырсыздыр?

- Қазір Сарыарқа және Достық екі бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Сарыарқа бекеті – пилонды типті терең төселген, Достық бекеті – ұсақ төселген. Екінші іске қосу кешенінің құрылысын жоспарлы аяқтау мерзімі 2020 жылдың 4-тоқсаны деп белгіленіп отыр.

- Қазіргі таңда халықтың көпшілігі метроның тиімді жақтарын көп айтады. Бір тәулікте қанша мың жолаушыны құрайды?

- Бүгінгі таңда метрополитен пайдалануында 9 бекет бар. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны тәулігіне 50 мың адамды құрайды. Екінші іске қосу кешенін пайдалануға беру кезінде есептеулерге сәйкес жолаушылар ағыны екі есе көбейеді, бұл метрополитенге қосымша қуат береді. Сарыарқа және Достық бекеттері пайдалануға берілгеннен кейін метрополитенді дамыту Қалқаман және Автовокзал «Западный» бекеттерінен тұратын батыс бағытта қарастырылатын болады.

- Болашақта метрополитеннің жер үстімен жүретін тармақтары салынуы мүмкін бе?

- Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша, сондай-ақ, әлемдік практика көрсеткендей тығыз қалалық жағдайларда метрополитенді салу жерасты тәсілімен орындалады.

Сұхбатыңызға көп рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін