«Газ тазалау қондырғысының тиімділігін арттыру мен қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарауға компания айрықша назар аударуы керек», — деп атап көрсетті министр.
«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жоспарлап отырған мұнай шығару көлемі 2008 жылы 5,7 млн тоннаны құрайды. Ол 2007 жылғы көрсеткіштен 100 мың тонна артық. Сондай-ақ, 1,01 млрд текше метр газ шығару жоспарда бар. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 127,9 млн текше метрге артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті